Қостанай облысы Жангелдин ауданы Көлқамыс ауылы
А.Нұрманов атындағы негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шаймағанбетова Салтанат Тұрсынбекқызы
Қазақ әдебиеті пәнінен біріктірілген 5, 6 сыныптарға арналған бірпәндік сабақ жоспары
|
5 сынып |
6 сынып |
|
Сабақтың тақырыбы |
А.Байтұрсынұлы. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» өлеңдері |
А.Байтұрсынұлы. «Анама хат», «Қара бұлт» өлеңдері |
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушыларға қазақ халқының біртуар ақыны А.Байтұрсынұлының ақындық шеберлігін таныту, өлеңдерінің мазмұнын ашу. |
||
Тәрбиелік мақсаты: |
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру. Ұлттық рухын ояту. |
||
Оқыту әдістері: |
Сұрақ-жауап, топтастыру, талдау. |
||
Пәнаралық байланыс: |
Тарих |
||
Көрнекіліктер: |
Ақынның портреті, кітаптар көрмесі, деректі фильмнен үзінді. |
||
Сабақ барысы: І. Кіріктірілген бөлім Бағдарлау-мотивациялық кезең |
|||
ІІ. Үй тапсыр- масын тексеру:
|
5 сынып 6 сынып Сұрақ – жауап. |
||
|
А. Сейдімбек. «Әйел - Ана» Мазмұнын айту |
С.Торайғыров «Мен қазақ» Өлеңді мәнерлеп оқу. Лирика дегеніміз не? |
|
Мұғалім жаңа сабақ түсіндірмес бұрын оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. -АБайтұрсынұлы кім? -Алдыңғы сыныптарда оның қандай шығармаларымен таныстыңдар? -А.Байтұрсынұлының мысал өлеңдерінен жатқа үзінді айта аласыңдар ма? -А. Байтұрсынұлы халқымыздың тарихында үлкен орны бар қоғамқайраткері, тамаша оқулықтар жазған педагог, дарынды ақын, шебер аудармашы, ірі ғалым болған. Қазақ халқының ақыны, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы бұрынғы Торғай облысы жангелдин ауданы Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашқан Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Көрмеге қойылған кітаптарға тоқталып өту. Әліпбидің атасы атанған, алаш ардақтысы болған Ахмет Байтұрсынов жайындағы деректі фильмнен үзінді көрсету. |
|||
ІІ Сараланған бөлім 1 тапсырма Оқулықпен жұмыс |
|||
5 сынып . Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс. «Өгіз бен бақа» өлеңін алдымен мұғалім оқиды, содан соң 1-2 оқушыға оқытады. 2. Өлеңнің мазмұнын талдау 3. Мысалдың тұспалдап айту,астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеу. 4. Көрсеқызарлық, мақтаншақтық, әлі келмейтін істерге ұрыну сияқты жағымсыз мінездерді шенеудің мәніне көңіл аудару. |
6 сынып. Оқушының өздігімен орындайтын жұмысы. «Қара бұлт» өлеңін оқып, мақмұнымен танысу. 2. Адам бойындағы қасиеттер туралы ақын қалай толғанған? 3.Өлеңдегі Қара бұлт пен Тау қандай адамдарды бейнелейді? 4.Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау қалай тебіренді? 5. «Сай – сайға құяды, бай – байға құяды» деген мәтелді қалай түсінуге болады?
|
||
ІІІ Кіріктірілген бөлім |
|||
ДАНАЛЫҚ ОЙЛАР МЕН ТАНЫМ ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС. |
|||
А.Байтұрсынұлы – ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей ойнайтын шебер орындаушылығымен қатар, өзіде жанынан әншығаратын айтулы композитор болған. Ол қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына көптеген халық әндері мен күйлерін енгізді. А.Байтұрсынұлы домбыраға арналған екі күйдің авторы, өз халқының этнографиясынын, тұрмыс-салтын жете игерген әрі жан-жақты білім алған үлкен парасат иесі. («Тарихи тұлғалар» кітабынан.) А. Байтұрсынұлы – біріншіден қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліпбиімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың «Тіл құралы» арқылы оқып үйренеді. (Р. Сыздықова.) Бір кезде сары маса болып ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді. (Ғ. Тоқжанов.) |
|||
САРАЛАНҒАН БӨЛІМ |
|||
5 сынып. Оқушының өздігімен орындайтын жұмысы. «Егіннің бастары» өлеңін мәнерлеп оқу. 2. Мысалдан қандай ойды аңғардың? 3.Әке мен бала диалогін екі оқушы кезектесіп оқиды |
6 сынып. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс. «Анама хат» өлеңінің мазмұнымен танысу. 2. Ақын өмірі мен өлеңінің арасындағы байланыс қандай? 3. Ақын абақтыны сөзбен қалай суреттеген? 4. Өлең мазмұнын қара сөзбен жазып шығу.
|
||
Рефлексиялық – бағалау кезеңі |
|||
Бағалау критерийі |
|||
5 сынып Тест сұрақтары. 6 сынып. Тест сұрақтары
|
|||
Тест жауаптары тақтадан көрсетіледі. Оқушылар өз жауаптарын өздері тексеріп, өзін өзі бағалайды. |
|||
Үйге тапсырма |
|||
5 сынып. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бстары» өлеңдерін мәнерлеп оқу. |
6 сынып. «Қара бұлт», «Анама хат» өлеңдерінің мазмұнын түсіну. |
Аружан Тутнабиеа
Егіннің бастары мысалы кімжікі білсеңіздер дәл қазір айтыңыздаршы өтінемін